Арқарлы асуындағы петроглифтер мемлекет қорғауында

Бес жыл бұрын табылған Алматы облысының Арқарлы асуындағы петроглифтерді ғалымдар мен архиологтар зерттеп, құжаттандырудан өткізуде,  – деп хабарлайды Jetisý media. 

2021 жылдың мамыр айынан бастап  Ә.Х. Марғұлан атындағы Архиология институтынының мамандары мен Алматы облысынің мәдениет басқармасы Арқарлы петроглифтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш зерттеу жұмыстары тамыз айына дейін жалғасып, нәтижесінде 3-4 мың жылдық тарихы бар петроглифтер құжаттандырылады. Ал, қыркүйек айынан бастап тарихи жердің картасы сызылып ресми түрде қорғауға алынбақ.

Бір айдан астам зерттеу нәтижесінде тарихи аймақта қола, темір дәуірінде қашалған петроглифтердің 10 үйіндісін, 450 тас, екі мыңға жуық жануар мүсінін анықтаған.

«Жергілікті басқармалардың қолдауымен біз еріктілер және архиологтар тобы мамыр айынан бастап Арқарлы асуында зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Анықталған суреттердің ең көнесі 4 мың жыл бұрын салынған. Ондағы бейнелер көбіне мифтік жануарлар. Бірі молшылдық сұрау мақсатында болса, бірі ұрпақ сабақтастығын сақтау мақсатында салынған. Бұл аймақ әліде терең зеттеуді қажет етеді. Тамыз айына дейін әліде ашылмай жатқан тарихты су бетіне шығарамыз», — дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы Архиология институтынының аға архиолог Александр Горячев.

Қазіргі таңда, тарихи тастардың орналасқан жері жеке кәсіпкерлер меншігіде. 136,88 гектар жайылымдық жердің иесі «Керииев и К» серіктестігінің учаскісінде бір көне жәдігер бар. Ал, 105,7 гектар жердің иесі «Арқарлы Тас» ЖШС учаскісінде 2 жәдігер анықталған.

«Бүгінде біз тарихи жәдігерлерді сақтау мақсатында жердің меншікті иесін анақтап, оларға ескерту хат жолдадық. Серіктестік басшылары ол жерлерге тиіспеуге және ол нысандар құжаттардырылса жерді қайтарып беруге сөз беріп отыр. Жалпы бұл тастар тарихи жәдігер деп танылғалы бері мемлекет және әкімдік қорғауында», — дейді  Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, петроглифтерді құжаттандыру жұмыстары түпкілікті біткенге дейін олар тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалады. Осыған орай, тарихи нысандарға қауіп төндіретін жұмыстар тоқтатылып, олардың қорғауға алынғаны туралы тақталар орнатылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *