Алматы облысы, Қаратал ауданында 1943 жылы қолданысқа берілген Қаратал өзені бойындағы бас бөгет күрделі жөндеуден өтуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жасалып жатқан нысанға бұл мақсатта республикалық қазынадан 729 137,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Бас бөгеттің өткізу қабілеті 800 м3/с.  Бөгет Үштөбе қаласының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Жоспар бойынша желтоқсанның соңына дейін аяқталуы тиіс. Мердігері «Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бас бөгет арқылы аудандағы шаруалар егініне тіршілік нәрі жіберіліп отырады. Әсіресе, бұл аймақта күріш өсірелетіндіктен судың дені соларға беріледі. Қос магистралді арналар Үштөбе және Күшік-Кәлпе арналары 17 000 гектардан аса алқапқа бас бөгеттен таралған су жіберіледі. «Үштөбе»  магистралды арнасы 1940 жылы салынған. Тәуліктік өткізу қабілеті-55 м3/с. Аудандағы бірнеше кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етіп отыр. Атап айтсақ, «Үштөбе» ЖШС,  «Шығыс-Қаратал» ЖШС мен Ескелді, Бастөбе, Үштөбе қаласының шаруаларын да қамтуға қауқарлы. Ал, Күшік-Кәлпе арнасының да дәл осы жылы іргетасы қаланған. Гидронысанның өткізу қабілеті — 20 м3/. Жолбарыс Батыр, Айту би, Балпық сынды ауылдық округтерін қамтиды. Тоспадағы жұмыстар толық аяқталса, Қараталдық еңбеккерлер үшін көп күткен қуаныш болар еді. Ала жаздай егін басында еңбек ететін тұрғындардің күтіп баптаған егіндері қуармай, мөл өнім алуға да мүмкіндік болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *