Жетісуда ТМД елдерінің нарығын бағындырған бал бар

«Әсел» әсем Жетісу жерінде өндіріледі. Иә, бұл ақиқат. Алақандай ғана ауылдық округте ТМД елдерінің нарығын бағындыратын бал шығарылады. Бұл өркендеген өңірдің жетістігі десек артық айтпаймыз.


Жеке инвесторлардың қаражатына салынған. Жалпы сомасы 96,7 млн.теңгені құрайды.

Ел аумағында баламасы жоқ зауыт Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық округінде орналасқан.

Ғимараттың алып жатқан жер көлемі  2,2 гектар.Кәсіпорынның ресми атауы «Tek Tau» ЖШС деп аталынады.

Бүгінгі күні жылына 96 тонна бал өнімі алынады екен. Ал, алдағы 3 жылда бұл көрсеткішті 403 тоннаға жеткізу көзделген.

Кәсіпорын ашылғалы он жұмыс орны құрылған. «Мұндағы мамандардың барлығы арнайы оқудан өткен. Жаңа технологияны басқарудың әдіс-тәсілдерін білікті тұлғалар арнайы келіп көрсетіп кеткен болатын. Біздегі құрылғылар тегістей жаңа»- деп атап өтті шаруа қожалығының басшысы Руслан Кутулуков.

Өнім Дубай, Түркия елдеріне экспортталады. Ендігіде ішкі нарыққа отандық өнімді орналастыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *