Алакөлдік 510 жас тұрақты жұмысқа тұрған

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Алакөл аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсұт Жексенбаймен  өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы.

Алакөл ауданындағы  жастар саны 15564 болса, оның 5937-қала жастары, 9627-ауыл жастары. Сондай-ақ, жұмыссыз жастар саны-150 құрап отыр. Сонымен  жұмыссыздық деңгейі-1,3% -ға жетіп отыр.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіші бойынша 875 азамат өтінім берген. Оның ішінде: » Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 азамат және азаматшалар оқытуға жіберілді деп мәлімдеді Мақсұт Жексенбай.

Кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында «Бастау бизнес» жобасымен 108 жас кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, 7-уі  шағын несие алды. 144 жас 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, өздерінің жеке кәсіптерін ашып отыр.

Жалпы жұмысқа орналасқан жастар саны 722, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер 112, жастар тәжірибесінен өткендер 87, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер 29, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 510 жас.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2020 маусым, шілде айларында 155 сарбаз жұмыс атқарды. Келер жылы «Жасыл ел» қатарына 200-250 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда» — дейді жауапты маман.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *