Алматы облысында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Жыл сайын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет «Жұмыспен қамтудың Жол картасын»әзірлейді. Осы бағдарламаның аясында, қосымша жұмыс орындары ашылып,  елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалынуда.

Ағымдағы жылы Алматы облысында 109,2 млрд.теңгеге 977 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ал осының арқасында 20,9 мың адам жұмыс таба алады. Бұл туралы «Jetisy media»  алаңында өткен баспасөз –мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева хабарлады.

Облыстық жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 59,1 млрд.теңге сомасына 438 әлеуметтік-мәдени нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, қайта жаңарту және салу көзделген. Сонымен қатар 11 828 жұмыс орны құрылатын болады. Сондай-ақ, өңірде 10,2 мың орынға арналған 7 мектеп пен 5 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынады. Спикердің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 91 жобасы, инженерлік-көліктік инфрақұрылымның 342 жобасы күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді.

«220 елді мекенде 500 км жол жөнделеді.  53 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады және 84 елді мекенді абаттандыру жоспарлануда,9,3 млрд. теңгеге 106 жоба іске асырылады. Ал Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандардың құрылысы есебінен 1 830 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады»,- деді Бақыт Тоқтарқызы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыруды үйлестіру және мониторинг жүргізу жөніндегі облыстық және аудандық (қалалық) комиссияның құрамы құрылып, бекітілді. Қазір аудандар мен қалаларда кейіннен іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасу үшін жұмыссыз азаматтардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *