«Қазіргі таңда Алматы облысындағы елді мекендердің 92,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл бұл көрсеткішті 94 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз», — деді маман.
Бөлім басшысының мәліметінше, аталған мақсатқа жету үшін өңірде жалпы құны 9,5 млрд теңге болатын 28 жоба іске асырылып жатыр. 2022 жылы Кеген және Талғар аудандарындағы 2 нысанның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ өткен жылы қаражаты игерілмей қалған жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 5 нысанның қаржысын қайтаруға аудандардан ұсыныс түскен. Олар: Қарасай, Ұйғыр, Райымбек, Талғар аудандары.
«28 жоба аяқталса 534 шақырым су желісі салынады және қайта жөндеуден өтеді. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуы 57,7%-дан 47%-ға дейін төмендейді», — деді Қайсар Әбсейітов.
Айта кетейік, облыстағы су желілерінің жалпы ұзындығы — 5128 км.