Алматы облысы оңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұлттық және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Рахман Шахарбек спорт саласының жыл қорытындысын шығарды.
Спикердің айтуынша, Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 2226 нысан бар. Өңірде 2015-2021 жылдар аралығында 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
«Қазіргі уақытта 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында және Райымбек ауданы Сүмбе ауылында 70 орынды және Қызылшекара ауылында 60 орынды, Ұйғыр аудандары Кіші Дихан ауылында 50 орынды, Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында 50 орынды 4 шағын спорт кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы Қонаев қаласында 1 көпфункционалды спорт кешенінің, 1 орталық стадионның және облыс бойынша 9 спорт кешеннің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуы жоспарланған. 2025 жылға дейін өңірде 25 спорт нысандары мен 129 спорт алаңдарын салу жоспарлануда»,- деді ол.
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Алматы облысында 1 облыстық 1 қалалық, 8 аудандық «Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталықтары» КММ-лері жұмыс жасайды. Бұл орталықтарда облыс бойынша әр ауылдық округтерге бекітілген жалпы саны 260 спорт нұсқаушылары қызмет етуде. Спорт нұсқаушылары халыққа салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды дене шынықтыру және спортқа тарту, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда.
Алматы облысында ұйымдастырылған ірі спорттық шаралар бұқаралық спортты насихаттап қана қоймай, өңірдегі спорттық туризмді де дамытуға үлес қосып жатқандығы сөзсіз.
Балалар спортын дамыту үшін 2022 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін іске асыру барысында спорттық секцияларда 20 000 баланы қамту жоспарланып, аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 млрд. 309 млн. 404 мың. теңге қаражат бөлінді.
Нәтижесінде 20 720 бала спорттық секцияларда шұғылданып, 585 жаттықтуршылар жұмыс жасауда.
Бұқаралық спортты дамыту арқылы жоғары жетістіктерге жету негізгі мақсат. Бұл бағытта облыс бойынша спорттық резервті дайындайтын 25 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Аталған мекемелерде жалпы саны 21 692 спортшы кәсіби түрде шұғылданады. Олармен білікті 885 оқытушы-жаттықтырушы жаттығу үрдісін жүргізеді.
Осының нәтижесінде облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 530 364 адам айналысуда (оның ішінде ауылды жерде 420 317 адам), бұл облыстағы жалпы адам санының 35,4%-ын құрайды.
ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Алматы облысында Ұлттық спорт жоғары деңгейде ұлықталып келеді. 2022 жылы облыста ұлттық спорт түрлерінен 2 халықаралық, 15 республикалық, 45 облыстық, 135 аудан, қалалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Алматы облысында өтетін «Сонар», «Жетісу Жүйрігі», Жеңіс күніне арналаған спорттық жарыстар сынды ірі турнирлер республика көлеміндегі дәстүрлі мерекеге айналған.
Облыста Ұлттық спорт түрлерінен 774 секция бар. Оларда 39 291 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады, бұл облыстағы жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 7,3 %.
ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ
Жыл басынан бері облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1 783 медаль (560 алтын, 512 күміс және 721 қола) жеңіп алды.
Оның ішінде Әлем чемпионаттарынан 45 медаль, Азия чемпионаттарынан 114 медаль еншіледі. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.