Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығын алуға конкурс өткізу туралы брифинг өтті.
Облыстың жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев
«Заңғар» сыйлығы кімге беріледі.
Талантты жастарды жемісті шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін қолдау мақсатында 10 адам Алматы облысы әкімінің «Заңғар «жастар сыйлығының лауреаты атағын алады, ақшалай сыйлық номинациялар бойынша мүсінше және диплом беріледі:
«Үздік жас мемлекеттік қызметкер»
«Үздік жас дәрігер»
«Үздік жас мұғалім»
«Үздік жас спортшы»
«Үздік жас журналист»
«Үздік жас кәсіпкер»
«Үздік студент»
«Үздік ерікті»
«Жастар метод жөніндегі Үздік әдіскер-нұсқаушы»
«Үздік жас жазушы»
«Сыйлық алуға Алматы облысының 14-28 жас аралығындағы азаматтары өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде түрлі конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары; спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай – ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланың және тұтастай қоғамның дамуына ықпал ететін кандидаттар үміткер болады», – деді Мақсат Құлтайұлы.