Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалында атап өтілгендей, 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды 134 %– ға, яғни өткен жылғы 20,2 млрд теңгеден 29,2 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген.
МӘМС жүйесін енгізу медициналық көмекті қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 29,2 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 24,7 теңге – МӘМС-ке.
«Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу кезіндегі өзекті мәселесі бейінді мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдауға жіберу ұзақтығы болып табылады. Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық қызметтерді көрсетуге арналған Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасай отырып, жеткізуші оларды толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және қолжетімділік пен сапа үшін жауапты болады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.
Бұл ретте, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол Қордың басқа да жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Қаржыландырудың айтарлықтай өсуі есебінен жүйеге жаңа медициналық қызмет көрсетушілердің келуі қамтамасыз етіледі. Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімдерінде танысуға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының
Алматы облысы бойынша филиалы