Биыл Талдықорған қаласында суға батқандар тіркелмеген. Суға шомылу кезеңінде қайғылы оқиғалар мен адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында басқарма қызметкерлері су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Әдетте судағы төтенше жағдайлардың себептері су айдындарында тұрғындардың бақылаусыз демалысы, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеуі немесе сақтамауы, жеке демалыс орындары иелерінің судағы қауіпсіздік талаптарын орындамауы, жүзуді білмеуі, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруынан орын алып жатады.
Биыл жағажайдың 6 құтқарушысына суға түсу маусымы кезеңінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша оқыту жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, қалалық білім бөлімен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерінде «Жазғы демалыс кезіңдегі су қауіпсіздігі!» бойынша ашық сабақтар, семинарлар, сурет салу сайыстары өтті. Сондай-ақ, бассейндері бар спорт кешендерінде балаларға суда түсу және жүзу қағидалары үйретілді.
Қаратал және Балықты өзендерінің бойында шомылуға тыйым салынған орындарында, қалалық жағажайында Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Жедел-құтқару жасақтарының, Жергілікті полиция қызметкерлерімен және еріктілер ұйымдарымен 42 рет рейд өтті. Демалушыларға 4036 жадынама таратылып, насихат жұмысы жүргізілді.