Кеден бекетінің мамандары тұрғындарға кедендік тексеріп қарауды жүргізудің қағидаттары мен тәртібі туралы еске салды. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңына Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Талдықорған» кеден бекетінің бас маманы Гүлнәз Досымбаева келіп, кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы іріктеу принципін негізе алатынын атап өтті. Яғни, кедендік бақылаудың осы нысанын таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады екен.
Кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін мыналар негіз:
— іске қосылған тәуекел бейіндері немесе кедендік тексеріп қарауды жүргізуді көздейтін тәуекелдерді басқару жүйесін кездейсоқ іріктеу әдісі;
— «ИТК бақылау, күмәнді» Инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) мөртабанының болуы — ықтимал тәуекел туралы ақпараттың болуы;
— «Еркін кеден аймағы» және «еркін қойма» кедендік рәсімдерін қоспағанда, ЕАЭО және ҚР заңнамасында көзделген мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес кедендік тазарту кезінде тауарларды сәйкестендіру қажеттілігі;
— ЕАЭО және ҚР кедендік заңнамасын бұзу белгілерінің болуы.
Сонымен қатар, кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органының лауазымды адамдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол бермеу қағидаты бекітілген кеден заңнамасының нұсқамаларын басшылыққа алуға тиіс.
Жалпы ереже бойынша кедендік тексеру кедендік декларация қабылданғаннан кейін жүргізіледі. Кедендік декларация қабылданғанға дейін әкелінетін тауарларға қатысты кедендік тексеріп қарау мынадай жағдайларда:
— кеден мақсаттары үшін тауарларды сәйкестендіру мақсатында;
— кеден заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда (тексеру осындай ақпаратты тексеру үшін жүргізіледі).
Жалпы, кедендік бақылаудың іріктемелілік қағидатына сәйкес кедендік декларацияда бір атаудағы тауарлар ретінде көрсетілген тауарлардың бір бөлігі ғана кедендік тексеруге ұшырауы мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қараудың нәтижелері кедендік декларацияда көрсетілген барлық тауарларға (оның ішінде тексеріп қаралмаған тауарларға да) қолданылуы мүмкін. Кедендік тексеріп қараудың нәтижелері екі данада жасалатын арнайы актіде ресімделеді дейді мамандар.