ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Ұлттық студенттер лигасында Алматы облысы атынан шыққан, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің футзал командасы жартылай финалдық ойында қола жүлдені иеленді!
Ұлттық студенттер лигасы аясында ұлдар арасында футзалдан республикалық жарыс 29 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында ҚазҰУ- кешенінің спорт кешенінде өткізіліп жатыр.
Аталмыш жарысқа облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың чемпионаттарының 15 жеңімпаз командасы қатысты. Студенттік лиганың мықтыларын анықтау барысында колледжіміздің футзал командысы үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, Ұлттық студенттік лига 25 мамырдан 16 маусым аралығында Нұрсұлтан, Алматы, Талдықорған және Орал қаласында өтеді.