Жетісу университетінде Парламент Сенаты депутаттарының жоғары оқу орнының педагогикалық оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кездесуі өтті. Басқосуда алдағы референдумның жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі талқыланды.
Іс-шараның қонақтары депутат Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, сондай-ақ Айгүл Қапарова болды.
«Осы уақытқа дейін біз супер-президенттік республика болдық, қазір президенттік республикаға көшудеміз. Біздің мемлекетіміздің саяси моделін трансформациялауда ең басты буын бар — «халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізінде жаңа қоғам құру, онда проблемалар шешіліп, қарапайым халықтың талап тілектері орындалады», — деп атап өтті Динар Жүсіпәліқызы.
Іс-шара барысында референдум өткізудің маңыздылығын айтылды. Спикердің өздері атап өткендей, қазіргі уақытта әрбір қазақстандық тарихи сәтті бастан кешуде және жаңа Қазақстанды құруда жастардың рөлі бұрынғыдан да маңызды.
«Барлық реформалар Қазақстанның болашағы үшін жасалды, яғни бірінші кезекте сіз үшін. Сіз Конституциядағы өзгерістермен танысуыңыз керек, өзгерістерді жақсы зерделеуіңіз керек, өйткені бұл саналы қоғамға көшудің басты қадамы», — деп түйіндеді Айгуль Қапарова.