37 жастағы Әсет Мұсабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметін атқарды.
Базалық білімі: Алматы энергетика және байланыс институты. Жетісу, Медеу аудандары әкімінің орынбасары; Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы; Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының басшысы; Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарған.