Балқаш ауданында қанша жыл жөндеу жұмыстарын көрмеген орталық аурухана қайта жаңартылды. Жаңғырту жұмыстарына 1 миллиард 614 миллион теңге қаражат кеткен. Нәтижесінде мекеме заманауи медициналық жабдықтармен толықтырылды.
«Бізде алынған әрбір медициналық құрылғы адам денсаулығына қажет және маңызды. Олардың көмегімен дәрігер аурудың диагнозын дұрыс қойып, ары қарай емделу шарасын жылдам жүзеге асыра алады. Мәселен, цифрлық флюорограф, цифрлық маммограф, холтер смад, узи және тағы да басқа аппараттар алынды. Соның ішінде цифрлық флюорограф аппараты туберкулез, пневмония сынды ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Рак ауруының алдын алу бағытында цифрлық маммограф аппараты бар. Холтер смад аппарты артериялық қан қысымының тәуліктік өлшеуін анықтайды»,– деді Балқаш аудандық орталық ауруханасының басшысы Дәурен Иманәлиев.
Бүгінде жүкті әйелдердің перенаталдық скрининг мәселесі де шешілген. Бұрында алыс ауыл-аймақтың тұрғындары 170-200 шақырым жол жүріп, аудан орталығына кеп, кейін Алматының дәрігерлеріне жолдама алатын. Ал, бүгінде скрининг жүктіліктің ерте кезеңінде орталық ауруханада жүргізіледі.
Ауданда маман тапшылығы да шешімін таппқан. Тұрғындар Алматылық эндокринолог, окулист, кардиолог, уролог, проктолог дәрігерлердің қабылдауына алдын-ала жазылады. Ал,тар профильді мамандар апта сайын ауданға кеп, қабылдау жүргізеді. Айта кету керек, ауданда 49 дәрігер бар.Оның 10-ы зейнет жасында.