Сарқан қаласына қарасты Бірлік ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 120 орындық 3 қабатты мектептің құрылыс жұмыстары басталды.
Білім ордасы 1971 жылы пәтер ретінде салынып, 1977 жылдан бастап 9 сыныптық білім беру мекемесі болса, ал 2015 жылдан бері 11 сыныптық білім беретін мектептер қатарына қосылған.
Мектеп бейімделген ғимарат есебінде тұр. Сондықтан мектепте асхана, спорт және акт залы, арнайы пәндерді оқытуға арналған сыныптар қарастырылмаған болатын.Ұстаздардың айтуынша, бала саны жыл сайын артып, қосымша кабинеттерді қажет еткен.
Жаңа мектеп заман барлық талаптарға сай, қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылмақ. Бұған қоса, робота-техника кабинеті ашылып, нысан ауласы аббаттандырылып, спорттық алаң және балаларға арналған ойын алаңқайы да болмақ.
«Жалпы ауданның 30 мектебінде 7424 оқушы білім алуда. Жыл сайын кемінде бір мектепті күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бала саны жылдан-жылға өсуде. Сондықтан да балалардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Қуантарлығы биылғы жылы Бірлікте 120, Тополевкада 80 орынды жаңа мектеп салынып жатыр. Жаңа оқу жылына дейін беріледі деген ойдамыз», – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева.
Құрылыс аумағында 60-тан аса жұмысшы жүрсе оның, тең жартысы ауыл азаматтары. Айта кету керек, аталған мектептердің құрылыс жұмыстарына 1 миллиард 8 миллион теңге қаржы қарастырылып, оның 50 миллионы игерілуде.