Ел аралауға шыққан депутат қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдіктілердің жақындарымен кездесті.
Жиынға келген 150-ге жуық ата-ананың талап-тілектерін тыңдады.
Жиналғандар Жанарбек Әшімжанның қамақта отырған азаматтармен кездесуін талап етті.
Кейін, мәжіліс депутаты Талдықорған қалалық тергеу изоляторына кіріп, ішкі жағдаймен танысып шықты.
Жалпы, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 93 адам қамаққа алынған.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан барлық жағдайды Нұр-Сұлтан қаласындағы тиісті органдарға жеткізіп, өз бақылауында ұстайтынын айтты.