Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Алматы облысында 84 ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өткізілді. Лауазымды қызметке 337 кандидат ұсынылды. Оның ішінде, саяси партиялардан – 107, өзін-өзі ұсыну арқылы-230 кандидат саяси додада бақ сынады.
Айта кету керек, сайлауға қатысушы 58 үміткер түрлі себептермен саяси бәсекеден шет қалды. Тарқатар болсақ, 21- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 29 – кандидатураны алып тастау туралы өз өтінішінің негізінде, 8 – кандидат ретінде тіркелу немесе сайлау жарнасын төлеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауына байланысты үміткерлердің кандидатурасы алынып тасталды. Нәтижесінде, 280 кандидат тіркеліп, сайлауға қатысты.
Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылықтың айтуынша, Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес өткен. Шағымдар мен өтініштер тіркелмеген. Алайда, сайлау барысында 1695 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 84 ауылдық округ әкімі саланды. «NUR-OTAN» партиясынан – 64, «АУЫЛ» партиясынан – 3, өзін-өзі ұсынған 17 үміткер ауылдық округті басқаруға лайық деп танылды.