Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмыс шарттарына толықтырулар енгізілді. 10 жыл ішінде Департаментте білім беру сапасын бағалаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, оның негізгі элементтері мемлекеттік бақылау және лицензиялау болып табылады.
«Мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті. Педагогтердің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, мұғалімдер өз міндеттерін адал орындау мәселесін де есте сақтауы қажет. Өйткені жаңа Заңның талаптары да жаңа. Педагогикалық қызметпен айналысатын әрбір жан жас ұрпаққа үлгі болып, өз жұмысында адамгершілік қағидалары мен моральдық құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс. Мінез-құлық мәдениеті, әдептілік, адалдық, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – педагогикалық этиканың негізі. Осы қағидалардың сақталуын бақылау үшін біз мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу туралы даулы мәселелерді қарастыратын арнайы алқалы орган құруды қарастырудамыз»,-деді Алматы облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Нұраханқызы
Егер білім беру саласындағы педагогтер мен басқа да өкілдердің құқықтарын қорғау осы жүйеге белгілі бір қарау мерзімдері бар азаматтардың өтініштерін тексеру түрінде енгізілсе, онда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін бұл жеткіліксіз, өйткені тұжырымдама өзге қағидаттарға, атап айтқанда жеделдікке, тиімділікке, ашықтыққа және сындарлы диалогқа негізделген.
Сондай ақ, департаменттің әлеуметтік желілер арқылы да дамып келеді. Тек 2021 жылы Департамент тарапынан әлеуметтік facebook, Instagram, telegram желілерінде 3459 пост жарияланды, оның ішінде басшының жеке парақшасында – 1692 пост жарияланғса,газеттер мен журналдарда Департамент жұмысы туралы 70 мақала жарияланған.
