Алматы облысында соңғы 2 аптада сырқаттанушылық азайып келеді, апталық өсім 0,03% – дан 0,02% – ға дейін төмендеген. Соңғы тәулікте 16 жағдай тіркелді.
«Көбіне коронавирустық инфекциямен 50 жастан асқан адамдар жиі ауырады, олар ауру тіркелудің жалпы 43,1%-ын құрап отыр, көпшілігі КВИ-ға қарсы вакцина алмаған. Белсенді еңбекке қабілетті азаматтар арасында, яғни 30-49 жастағы адамдар 34,7%, балалар мен жасөспірімдерге – 12,8% келеді»,-деді Алматы облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары – Чарапиев Асхат.
Бүгінгі күні Алматы облысында қызылша, қызамық, паротит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, А, В вирустық гепатиттері сияқты барлық вакцинамен басқарылатын инфекциялармен қамтудың оңтайлы деңгейі 95% – ға жетті. 2021-2022 жж. ағымдағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың 2,5 есе өсуі байқалады.
Жалпы, Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны жүргізуге 318 егу кабинеті енгізілді, сондай-ақ 76 жылжымалы вакцинация пункті жұмылдырылған.
Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны – 883 603, бұл тиісті контингенттің 74% – ын құрайды. Екінші дозаны алғандар, яғни вакцинациялаудың толық курсынан өткен халық саны – 820 206 адам, бұл тиісті контингенттің 68% – ын құрайды. Қазіргі уақытта облыста вакциналардың 3 түрі қолданылады, олар Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V»), «Qaz Covid-in», «Sinopharm Vero Cell».
Алматы облысына 222 300 доза комирнати вакцинасының бірінші партиясы келді. Бұл жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға және жүктілік кезіндегі әйел адамдар үшін арналған. Сондай-ақ, 225 810 адам Комирнатимен вакцинациялауға жатады. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы балалар – 147 000, жүкті әйелдер – 34 510, лактация кезеңіндегі әйелдер – 44 300.
Бүгінгі таңда Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 27 091 адам алды, оның ішінде 12 – ден 17 жасқа дейінгі 21 521 жасөспірім, лактация кезінде 3805 әйел және жүктілік кезіндегі 1765 адам бар.
Ал,вакцинаның екінші компонентін 2479 адам алды. Олардың ішінде 2075 жасөспірім, лактация кезінде 345 әйел және 59 жүкті әйел.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, вакцинация және шектеу шаралары шарттарын қатаң сақтау карантиндік режимнен шығудың кепілі болып табылады. Жаппай вакцинация және ұжымдық иммунитетті алу облыс тұрғындарына қалыпты жағдайға оралуға көмектесуде.
