Бүгінгі ақпарат бойынша Алматы облысында КВИ-дың зертханалық расталған 57 639 жағдайы тіркелген, оның ішінде 43 113 жағдай симптомды. КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 2696,7 құрады. Соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,01%.
Сондай-ақ,, соңғы екі аптаны салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,04% – дан 0,02% – ға дейін төмендеді. Өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл -0,1%, Райымбек-0,1% аудандарында және Қапшағай қаласында 0,1% байқалады.
Айта кетейік, облыста 18 жастан бастап тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 880 465 адам (73%) алды, ал халықтың 68% – ы немесе 815 009 адам толық иммундау курсынан өтті.