Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Алматы облысында атты профилактикалық кездесу өткізілді.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, Алматы облысы әкімнінің орынбасары Батыржан Байжуманов, облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев, «NUR OTAN» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева және басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөліне, іске асырылып жатқан жобаларға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ынтымақтастыққа байланысты мәселелер талқыланды.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ағымдағы жылдың 11 айындағы қызметі туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларын түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик көрсетіліп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.