«Jetisy Media» ақпараттық алаңында сарышұнақ аяз кезінде орын алар екі өзекті тақырыпқа арналған баспасөз-мәслихаты өтті: жылыту кезеңіндегі және мұздағы қауіпсіздік.
Хабарламада айтылғандай, судағы қайғылы оқиғалар мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында басқарма қызметкерлері қаланың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын бастады.
Сондай-ақ, азаматтарға мұздағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және насихаттау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
ТЖБ жеке құрамы балақты және Қаратал өзендерінің жағалауларында рейдтер мен патрульдер жүргізді, сонымен қатар балық аулауға арналған жабдықтарды сату орындарында ТЖБ қызметкерлері мұз асты балық аулау кезінде өзін-өзі ұстау қағидаларының парақшалары мен жадынамаларын таратумен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстар 2021-2022 жылғы жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасын табатын болады.
Жылыту маусымы кезіндегі басты қатер иіс тиюден келетіні белгілі, бүгінгі күні газбен улану санын азайту мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігімен бірге 1621 датчик сатып алынып, орнатылды.