Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында өтті.

Кездесуге джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, Еуразияның екі дүркін чемпионы, Азия және Еуропа чемпионы Ардақ Назаров қатысты.
Кездесу барысында спикер өзінің өмір тарихы мысалында адалдық пен әдептілікке шақырды.
Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырды.