Бірінші топтағы бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізілді. Алматы облысы бойынша осы жәрдемақымен 2 мыңнан астам адам қамтылатын болады, оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 немесе 48022 теңгені құрайды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департамент басшысынның орынбасары Ерлан Абдалиев мәлімдеді.
Бұл заң Парламент сенаты азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылданды.
Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын беру нормасы бар.
Облыс бойынша 8,5 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды. Нәтижесінде, мүгедек-балалар үшін жәрдемақы 1 топтағыларға 48 023 теңгеден 65 860 теңгеге дейін, 2 топтағыларға 48 023 теңгеден 54 541 теңгеге дейін, 3 топтағыларға 41 163 теңгеден 48 023 теңгеге дейін ұлғайды.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы берілді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Шара 350 мүгедектігі бар балаға қатысты болды. (мөлшері 11 489 теңгеден 28 095 теңгеге дейін)
Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдардың алдында жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда оларға мемлекет есебінен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және бала 1 және 2 топтағы мүгедек мәртебесіне көшкеннен кейін де мемлекеттік қордан тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығы сақталатын болды. Бұл норма осы отбасыларға кезектілікті сақтауға мүмкіндік береді.
Мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедектігі бар баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілді. Бұл норма мүгедектігі бар балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізілді. Ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындауға оң әсерін тигізеді.
Жалпы, Заңда баяндалған нормалар мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекет тарапынан базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көрсетеді,-деп түйіндеді Ерлан Абдалиев.
