• Latest

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

1 жыл ago
Алматы облысында  «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

Алматы облысында  «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

7 мин ago
МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

2 сағ ago
Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

3 сағ ago

Сұрақ-жауап: Пациенттер талдаулар мен жолдамаларды қағаз нұсқада шығаруға міндетті ме?

5 күн ago
Алматы облысының бас имамы Ораза айында азық-түлік бағасын 10 пайызға төмендетуге шақырды

Алматы облысының бас имамы Ораза айында азық-түлік бағасын 10 пайызға төмендетуге шақырды

2 апталар ago
Қаржы орталығы 4 жобаны жүзеге асырады

Қаржы орталығы 4 жобаны жүзеге асырады

2 апталар ago
«Асар»: Денсаулықты қалпына келтіру мен оңалту

«Асар»: Денсаулықты қалпына келтіру мен оңалту

2 апталар ago
Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

2 апталар ago
Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі – ҚХА

Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі – ҚХА

2 апталар ago
Алматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

Алматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

2 апталар ago
Былтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

Былтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

4 апталар ago
Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

4 апталар ago
Сәрсенбі, Наурыз 29, 2023
Zhetysu Media
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология
Zhetysu Media
Home Без рубрики

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Jetisy Media by Jetisy Media
21.02.2022
in Без рубрики
33 0
64
SHARES
183
VIEWS
Share on FacebookWhatsApp

Үміт ӘБДІМАНАП

Жамбыл облысы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

Әкімшілік жауапкершілік – заңды жауапкершіліктің ерекше түрі. Сонымен бірге, әкімшілік мәжбүрлеудің бөлігі және оның барлық қасиеттеріне ие. Әкімшілік жауапкершілікті қолданудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу үшін ең алдымен заңды жауапкершілік ұғымын қарастыру керек. Жалпы мағынада заңды жауапкершілік  субъектінің құқыққа қайшы мінез құлқы үшін мемлекеттің теріс  реакциясы түрінде орын алатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оның мәні құқық бұзушылық жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыруда немесе оларды шектеуде; әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заң талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзған адамға жаза тарттыруды немесе тұлғаның іскерлік беделіне зиян келтіруді мақсат тұтпайды, тек заң алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Әкімшілік жауапкершілік заңды жауапкершіліктің бір түрі және оның мынадай ерекшеліктері бар:    

Біріншіден, әкімшілік жаупкершіліктің негізі – әкімшілік құқық бұзушылық. Ол қолданыстағы (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес реттеледі. Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

Екіншіден, әкімшілік жауапкершіліктің суъектілері жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да болады. Айта кететін, мәселе заңды тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде қарастыру түрлі пікірталас тудырды. Мысалы, ҚР ӘҚБтК 682-бабы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді: мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары; кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары; мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.

 Үшіншіден, әкімшілік жауапкершілік шарасы ретінде әкімшілік жаза шарасы қолданылады. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының да, басқа тұлғалардың да құқық бұзуының  алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекке сәйкес,  Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңнамада көрсетілген әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін.

Төртіншіден, Әкімшілік жауапкершілікті қолдану мемлекеттің атқарушы органдары, сот және өзге органдарға жүктелген. 2020-жылдың 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ол органдарға қатысты келесідей жалпы анықтама береді: әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым. Сонымен қатар қолданыстағы әкімшілік –процестік кодексінің 22 –бабында әкімшілік орган мен лауазымды адамның міндеттері мен іс әрекетерінің мазмұны нақтыланған.   

Бесіншіден, әкімшілік құқық бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанда, сотты болмайды. Дегенмен, әкімшілік жаза қолдану әрқашан жауапкершілікке тартылған құқық бұзушының ерекше құқықтық жағдайы түріндегі құқықтық салдарға әкеп соғады, бұл жағдайда ол белгілі бір уақыт ішінде әкімшілік жазаға тартылды деп есептеледі. 

Қазақстан Республикасында әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қана емес, әкімшілік заңнаманың басқа да нормативтік құқықтық актілері негіз бола алады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда құрамы ҚР ӘҚБтК-де ғана емес, сондай-ақ Республиканың әкімшілік заңнамасының басқа да актілерінде бекітілген теріс қылық әкімшілік жауаптылыққа нақты негізі бола алады. Олай болмаған жағдайда әкімшілік және тәртіптік жауаптылықтан басқа әкімшілік заңнама нормалары жауапкершіліктің қандай да бір үшінші түрін (не үшінші, төртінші және т.б.) реттейтінін мойындау керек.

Әкімшілік құқық ғылымы аясында әкімшілік жауаптылықты қолдануды құқықтық қамтамасыз ету мәселесі де жиі талқыланып келеді. Мемлекет және құқық теориясында  қолдану «құқық қолдану» немесе «құқық нормаларын қолдану» ұғымдарымен тұспа тұс келеді.  Заң ғылымында дәстүрлі түрде құқық нормаларын қолдану деп мемлекеттің құзыретті органдарының заңды істерді шешуі кезінде жеке-нақты мемлекеттік-билік құқықтық актілерін шығару деп түсіндіріледі.

Бұл термин арнайы субъектілердің билік юрисдикциясында, атқарушы-әкімшілік немесе бақылау-қадағалау қызметінде тұратын, оның барысында қоғамдық қатынастар құқығымен жеке реттеу жүзеге асырылатын саяси және құқықтық қатынастарды реттеудің ұйымдастырушылық-құқықтық әдісі, деп те қарастырылады. Құқықтық тұрғыдан алғанда, құқық нормаларын қолдану жеке көрсетілген адамдарға (ұйымдарға) нақты субъективті құқықтар беру және қаралатын істер мен нормативтік құқықтық актілердің жеке жағдайларына байланысты оларға тиісті заңды міндеттерді жүктеу болып табылады.

Әкімшілік жауапкершілік заңнамада бекітілген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Осы ретте Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының дамуы әкімшілік жауапкерлішікті бекіту саласында да қарқымен дамып келеді. Дегенмен де, бүгінгі таңда әкімшілік сот ісін жүргізуде көптеген проблемалар бар. Осы проблемаларды дұрыс шешу сот жүйесін, атап айтқанда мамандандырылған әкімшілік сотты нығайтуға ықпал етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін іске асыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексі қабылданды. Аталған кодекс елімізде әкімшілік құқық саласын жетілдіруде ерекше орынды иеленді. Мәселен, мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің,  ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу 27-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі норма алып тасталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жаңа редакциясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бойынша дербес 44-тарау енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Әкімшілік сот ісін жүргізу проблемаларының бірі-бүгінгі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша сот пен соттан тыс инстанциялар арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратудың нақты тұжырымдамасы жоқ. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау процесін қиындатады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуде бәсекелестік принципі дамымаған. Сонымен қатар, құқықтық жауапкершіліктің пропорционалдылық қағидатын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін және құқық бұзушылықтың сипатын сақтамау сияқты проблемаға назар аудару керек.

Сот ісін әкімшілік тәртіппен жүзеге асыру туралы конституциялық ереже заң шығарушыдан азаматтардың, сондай-ақ сот ісін жүргізу шеңберінде әкімшілік-құқықтық қатынастарға өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған әзірше бытыраңқы әкімшілік-процестік нормаларды бірыңғай жүйеге келтіру қажеттігін талап етеді. Бұл жағдайда біздің мемлекетімізде әкімшілік Әділет институтын құру кезінде ол жеткілікті түрде реттелетін әкімшілік заңнамаға негізделуі керек. Әкімшілік Әділет институтын толыққанды өрістету үшін мемлекеттік басқару органдары қызметінің әкімшілік істерді (жария дауларды) қарау жөніндегі процестік қағидаларын бекітуге арналған заңнамалық актіні қабылдау қажет.

Әкімшілік-процестік кодекс белгілі бір жүйелендірілген тәртіппен әкімшілік құқық нормаларын қамтитын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібін ғана емес, сондай-ақ азаматтардың лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне әкімшілік және сот органдарында шағым жасау тәртібін де регламенттейтін бірыңғай заңнамалық акт болуға тиіс. Әкімшілік іс жүргізу кодексін құру азаматтар мен олардың бірлестіктерінің мемлекеттік басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары мен «әкімшілік талаптарын» неғұрлым тиімді шешуге ықпал ететін болады. Осылайша, белгілі бір дәрежеде азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеті шешілетін болады.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің көлемі мен сипатын анықтау үшін әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын әкімшілік істерді, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі істерді білдіретін әкімшілік-құқықтық істердің табиғатын анықтау қажет.

Share26Share

Главные события

No Content Available
  • Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек немного раскрыл завесу о появлении вузов в г. Конаеве. 
Смотрим и комментируем ⬇️⬇️⬇️
Видео: bestnews #академгородокконаев #конаев #вузконаев @konaevkz
  • В ходе рабочей поездки министра национальной экономики РК Алибека Куантырова в Алматинскую область главой города был представлен доклад о проделанной работе и планах на перспективу.

Согласно действующему генеральному плану, общая площадь города на сегодня составляет 7109,5 га, но с учетом перспективного плана развития она будет увеличена более чем на 9684 га. Ожидается также рост числа жителей с 55 200 человек до более чем 110-130 тысяч человек.
Нурлан Куматаев, аким города Қонаев: «Огромное количество проектов планируется реализовать по линии архитектуры. Предстоит строительство нового города, который станет центром культурной и образовательной сферы.  Начаты работы по возведению жилых домов, которые по итогу станут целыми микрорайонами с развитой инфраструктурой и комфортной средой. Предстоит масштабная модернизация и благоустройство действующих улиц с созданием парковых зон и мест для отдыха».
  • @qonaevtimes мотивэйшн
  • Красивое видео от @plotnikov.kz многие мечтали здесь жить 😜
  • Конаев 💚💚💚

@mirkhattolkunov
  • Интересные мероприятия на следующую неделю
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды @askhattakebayev
  • Барлык Тореханов назначен руководителем ДКРЕМ по Алматинской области
В Департамент Комитета по регулированию естественных монополий МНЭ РК по Алматинской области назначен руководитель, им стал Барлык Адепканович Тореханов.
Б.А. Тореханов окончил Академию при Президенте Республики Казахстан Национальной школы государственной политики, является членом Ассоциации юристов, окончил университет Дюк ( штат Северная Каролина, США) государственной политики и менеджмента.
Трудовую деятельность начал с должности заместителя директора ТОО «Ақнұр» в 2000 году.
С 2003 года по 2004 год занимал должности юриста, главного инженера АО «Асыл Түлік», с 2004 по 2005 годы – начальник юридического отдела ТОО «СтройГруппМонополист», с 2005 по 2007 годы начальник отдела платных юридических услуг РГКП «Центр по недвижимости» по городу Астана, с 2007 по 2012 годы начальник управления юстиции Турксибского района, c 2012 по 2018 заместитель руководителя Департамента юстиции Алматинской области, 2018-2021 годы директор Департамента проектного

 управления КФ «Samruk – Kazyna Trust», 2021- 2022 годы занимал должность заместителя акима Талгарского района Алматинской области.
До настоящего времени Барлык Адепканович Тореханов занимал должность заместителя руководителя ДКРЕМ по Жамбылской области.
Барлық Төреханов Алматы облысының ТМРКД-ның басшысы болып тағайындал
  • ❗️Официальная информация: Три авиационных судна привлечено в тушении лесного пожара

Работа по тушению лесного пожара в Аулиекольском районе Костанайской области продолжается.

В тушении пожара задействованы:

▪️силы и средства в количестве 235 человек личного состава,
▪️32 единиц техники;
▪️3 воздушных судна;
▪️3 пожарных поезда (из них МЧС - 14 ед. техники); ▪️61 человек личного состава;
▪️2 вертолета с водосливными устройствами;
▪️МВД - 33 чел. личного состава;
▪️Минобороны - 20 чел. личного состава;
▪️Лесхоз - 15 ед. техники,
80 чел. личного состава, 1 воздушное судно;
▪️МИО -3 ед. техники, 20 чел. личного состава;
▪️АО «КТЖ» - 3 пожарных поезда (21 чел.).

По состоянию на 18:00 часов 2 вертолетами с водосливными устройствами МЧС проведено 12 сбросов и слито 36 тонн воды.
Забор воды для водосливных устройств ведется  из естественного водоема на расстоянии 25 км.
По  данным  РГП «Казгидромет» в Костанайской области сохранится высокая температура до 38 градусов, скорость ветра до 23 м/с.

Министром по чрезвычайным ситуациям Ильиным Ю.В. проведена воздушная разведка.
3 сентября в связи с осложнением метеорологической обстановки, в том числе высокой температурой воздуха 36 градусов, штормовыми порывами ветра до 28 м/с,  площадь пожара превысила 3000 га.

Проведена перегруппировка сил и средств, которые сосредотачиваются на защите населенных пунктов Аманкарагай  и Новонежинка. Проведена эвакуация населения из с.Озерное (население 250 человека) и северной части с.Аманкарагай (1000 человек). В с. Озерное происходит горение 3-х жилых домов, тушение осуществляется 6 пожарными автомобилями, с подвозом воды 8 водовозами.
Начата эвакуация с. Калинино - 228 человек, с. Лесное -363 человека. В 17 часов 20 минут создалась угроза нефтебазы с. Аманкарагай, на месте работают 3  пожарных автоцистерны (2-МЧС, 1-объектовая служба нефтебазы).

Напомним, для ознакомления с работой Оперштаба Глава государства намерен посетить Костанайскую область.

@almatyapat

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

No Result
View All Result
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist