Алматы облысында өткен тәулікте 83 короновирустық инфекция жағдайы тіркелді, оның 12-сі 14 жасқа дейінгі балалар, 11-і мектеп оқушылары және 3-і студенттер.
Облыс аудандары тұрғындарының короновирустық инфекциямен сырқаттанған ажамдардың көрсеткіш жағдайы: Ақсу-4, Алакөл-12, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-4, Ескелді-1, Жамбыл-4, Іле-2, Қарасай-6, Қаратал-1, Кербұлақ-3, Көксу-2, Панфилов-8, Сарқан-1, Талғар-4, Ұйғыр-7, Талдықорған-18, Текелі-4.
12 қарашадағы ақпарат бойынша, облыста 56 432 зертханалық расталған короновирустық инфекция жағдайы тіркелсе, оның 42052-сі симптомды.
Облыста короновирустық вакцинаның I компонентінің өсу қарқыны соңғы екі аптамен салыстырғанда 0,2%-дан 0,1%-ға төмендеді. Соңғы аптадағы ең жоғары өсім Ақсу, Алакөл, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында байқалды.
Айта кетейік, 12 қарашадағы жағдай бойынша Алматы облысының 831 198 (69%) тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алса,755 654 (63%) адам
вакцинаның екінші компонентімен егілген.
