Бұл туралы Jetisy ‘ Media ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды. Қысқы маусымда жолдарды күтіп-баптауға 1740 тонна техникалық тұз әзірленген. Қалған қажетті материалдар: Шамалған, Сарыөзек, Талдықорған және Қапшағай қаласы бойынша тасымалдау сатысында тұр. Ағымдағы жылы «Алматы – Нұр-сұлтан», «Алматы-Бішкек», «Алматы-Өскемен», «Алматы-Талғар», «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» және «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» автомобиль жолдары бойынша 50 дана жаяу жүргіншілер өткелінде стробоскоптар орнатылды. «Алматы-Шелек-Қорғас»автожолының көлік жүретін бөлігіне ірі қара малдың шығуына жол бермеу мақсатында арнайы торлар орнату жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, көше жол бойындағы әжетханаларды жарықтандыру жұмыстары да қоса атқарылып жатыр. Алматы-Өскемен тас жолының бойында 20 дана, Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында 12 дана көлемінде күн батареяларына жасанды жарықтандыру орнату жоспарланған.

«Қазіргі уақытта қысқы кезең алдында арнайы техниканы дайындау, жол жағдайының элементтерін орнату және жөндеу жұмыстары белсенді атқарылып жатыр «, – деп қорытындылады «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының директоры Мақсат Мұқанов.