Алматы облысына Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде, ол үшін 70 000 дозаны сақтайтын өте төмен температуралы екі тоңазытқыш сатып алынды,-деп хабарлайды «Jetisy Media» ақпараттық алаңы.
Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады.
Жергілікті бюджеттен СВИ-мен күресуге 13,8 млрд теңге бөлінді, бұл сома сонымен қатар екінші толқынға дайындыққа 8,8 млрд теңгеге бюджетті, 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алуды қамтиды.
Бүгінде Алматы облысының тұрғындары арасында тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров мәлімдеді.
4 қараша күнгі ақпарат бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясының 130 жаңа жағдайы тіркеліп, бір тәулікте өсу 0,3%-ды құрайды. Олардың ішінде 3786 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында болса, оның 1014-і стационарлық емделуде. Иммундаумен 280 мың 485 адам қамтылды, бұл тиісті контингенттің 91 пайызын және жалпы халықтың 13 пайызын құрайды.
Айта кетейік, иммундау үшін ресейлік «Гриппол+» деп аталатын вакцина қолданылды. Жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 305 073 258 теңгеге 309 463 доза вакцина сатып алынды. Бұл вакцина облыста соңғы 5 жылдан бері қолданылып келеді.
