Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізуге 73 жылжымалы вакцинация пунктінің 283 егу кабинеті тартылған.
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның алғашқы дозасын алғандар саны – 811 614, бұл тиісті контингенттің 68% – ын құрайды. Екінші дозаны алғандар, яғни вакцинациялаудың толық курсынан өткен халық саны-733 442 адам, бұл тиісті контингенттің 61% – ын құрайды.
Егу маусымы басталғаннан бері облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонентінің 905 020 дозасы, 2 компоненттің 895 150 дозасы алынды.
Қазіргі уақытта облыста вакциналардың үш түрі қолданылады: Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V»), «Qaz Covid-in», «Sinopharm Vero Cell».