Ел аумағында карантин шаралары енгізіліп, бірқатар кәсіпкерлік нысандары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, ел билігі, шағын және орта кәсіптің жұмысы тұралап қалмауы үшін «Ashyq» пилоттық жобасын іске қосқан еді. Бүгінгі таңда, Алматы облысында 9884 бизнес өкілдері аталған жобаның қатысушысы атанып отыр.
Бизнестің тасының өрге домалауына мүмкіндік берген қосымшаны қолданудың да өз тәртібі бар. Қараша бүгінде мұны жатқа біледі. Карантин кезінде артықшылықпен жұмыс жасаған нысандардың негізгі талапты ысырып қойып, табыс тапқандары да жоқ емес. Ондайда, арнайы мониторингтік топ қызметіне кірісетінін баса айтқан абзал.
Алматы облысында мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 6378 субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1108 нысанды «Ashyq»платформасынан шығарған болатын.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың 10 маусымы мен 6 қазан аралығында Алматы облысы азаматтарының арасынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3711 тұрғын анықталып отыр.
Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар — 2770 адам және «сары» мәртебесі бар — 941 азамат тіркелді.
Айта кетейік, «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 5 338 110 теңге сомасына 122 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 381 қаулы берілді.
Облыстағы коронавирустық жағдай тұрақты. Өңір «сары» аймақта. Өткен тәулікте жетісулық 145 тұрғынның індеттің ілмегіне іліккені анықталған. Олардың 29-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 28-і оқушылар болса, 2-еуі студент және 3-еуі ұстаз.
Осы уақытқа дейін, облыста КВИ зертханалық расталған 52 058 жағдай тіркелген, оның ішінде 38 209-ның ауру белгілері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *