Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 51 744 жағдайы тіркелген болса, соңғы тәулікте 133 адамның індет жұқтырғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды «Jetisy Media».

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% — дан 0,4% — ға дейін төмендеді.  КВИ анықталған 133 жағдайдың 12-сі 14 жасқа дейінгі балаларда анықталса, 12-сі  оқушылар, ал 3-еуі студенттер арасында байқалған.

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 839 685 доза келді,  2 компонентінен 829 815 доза алынды. Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1 компонентінен 79 635, 2 бөлігінен 161 219 доза  қалып отыр. 4 қазанға қараған күні 760 019 (69%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 668 522 (61%) тұрғын егілді.

«Біз бұл инфекциядан құтылудың бірден -бір сенімді жолы  жаппай вакцинация екенін білеміз. Бүкіл әлемде COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылдануда, оның ішінде халық арасында ұжымдық  иммунитетті қалыптастыру. Өзін-өзі оқшаулаудың және басқа да шектеулі шаралардың балама шешімі – бұл вакцинация»,- дейді Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың директоры Анарбек Монгол.

Қаперлеріңізде жүрсін, вакцинациялау – бұл өзіңізді, балаларыңызды, отбасыңызды және қоғамды COVID-19-дан қорғау болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *