Алматы облысының Талғар ауданында келесі жылы 200-ден астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді.


Пәтердің жалпы саны 216. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алып 2 үйдің шұңқыры қазылып қойды. Енді бір үйдің шұңқырын қазу жұмыстары жүріп жатыр.


Жаңа пәтерлер “Нұрлы жер” бағдарламасы аясындағы “Шаңырақ”, “Бақытты отбасы”, “7-20-25” бағдарламалары аясында кезекте тұрған аудан тұрғындарына беріледі.


Сондай-ақ, ауданда тағы да 5 үйдің құрылысы жоспарланған. Құрылыс аудан әкімі Қайдар Әбдіхановтың жеке бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *