Алматы облысында «Тіл және Тәуелсіздік»республикалық көрме-байқауы өтті
Талдықорғанда «Тіл және Тәуелсіздік» көрмесінің ашылуы өтті. Шарада қала қонақтары мен тұрғындарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл және Тәуелсіздік» республикалық байқауына қатысқан суретшілердің туындыларын тамашалады.Байқау елімізде алғаш рет Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Алматы облыстық филиалымен бірлесіп, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Тақырыптық көрменің тұсаукесер рәсіміне Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жоргенбаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязовтар қатысты.
Байқаудың мақсаты-бейнелеу өнері арқылы қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін ашу, сондай-ақ бейнелеу өнері арқылы өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін ояту.
«Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар Талдықорғанның облыс орталығы мәртебесі берілген 20 жылдығын атап өтудеміз. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында біздің облыс жыл сайын дамып, нығайып келеді. Тіл саясаты біздің тәуелсіздігіміздің негіздерінің бірі. Біздің облыста тілдерді оқыту бойынша 20 орталық бар, олар тіл саясатын тұрақтандыруға ықпал етеді», – деп атап өтті өз сөзінде Жанболат Жоргенбаев.
Байқауға 164 шығармашылық жұмыс ұсынған 109 суретші, қатысушылардың ең үлкені – Түркістан облысы Түлкібас ауданының 66 жастағы тұрғыны, ал ең кішісі-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 9 жасар оқушысы.
Қазылар алқасының құрамына Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұманиязов, ҚР Суретшілер одағының облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан сияқты республикаға танымал суретшілер кірді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Тіл және Тәуелсіздік» республикалық байқауында суретшілер Марат Әбдіреев пен Өмірбек Жұманиязов бірінші жүлделі орынға ие болды. Қазылар алқасының пікірінше Айнұр Өмірзақ пен Айжан Базарбекованың жұмыстары құрметті екінші орынға лайық танылды.
Сондай – ақ, марапаттау рәсімінен кейін республикадан келген қонақтардың қатысуымен «Тіл-ең асыл құндылық» тақырыбында «дөңгелек үстел»отырысы өтті. Онда белгілі тілтанушылар мен лингвистер Тіл саясатының өзекті мәселелерін және қазіргі әлемдегі қазақ тілінің мәртебесін талқылады.
Іс-шара офлайн режимінде, сонымен қатар ZOOM платформасы және facebook, instagram әлеуметтік желілері арқылы онлайн режимінде өтті, конференцияға облыс әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандар мен қалалардың оқыту орталықтарының меңгерушілері қатысты.