ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Талдықорған станциясы желілік полиция бөлімшесінің қызмет өткеру аумағында жаңа оқу жылының басталуына байланысты ағымдағы жылғы қыркүйек айында «Абайлаңыз поезд» тақырыбында профилактикалық іс-шарасасы өткізілуде. Талдықорған қаласында темір жолға жақын орналасқан үйлер мен орта мектептерде  оқушылар мен халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — темір жол көлігі  аймақтарында кәмелетке толмағандардың жарақат алып, келеңсіз оқиғаларға тап болу фактілерінің және кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың  алдын алу. Айта кетсек ағымдағы жылдың есептік мерзімі ішінде елімізде балардың темір жол жарақаттарына ұшыраған  фактілері көптеп тіркелуде. Аталған оқиғалар кәмелетке толмағандардың темір жолдан белгіленбеген жерлерден өту  немесе темір жолға жақын  маңда ойнау  барысында болуда. Балалардың бос уақыттарын дұрыс пайдаланып,  қайда барып ойнайтындары,   қайда жүргендері ата-аналары жағынан бақылаудың жоқтығын  және  ата-аналарының немесе олардың орнындағы ересек адамдардың кәмелетке толмаған балаларын оқытумен тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамауларын көрсетеді. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша қажетті іс-шаралар жасалуда, осы негізде Талдықорған ст. ЖПб қызметкерлерімен жолаушылар, қала маңындағы пойыздарда балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және де демалыс кезінде балалардың жарақат алуына жол бермеуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар болып табылады.

Талдықорған ст. ЖПб бастығының м.а

полиция капитаны                                                         М.Б. Нұрасыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *