Талдықорғанда облыс орталығының 20 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай суға жүзуден облыстық жарыс өтті. Сайыс жуырда ғана қолданысқа берілген жаңа жабық бассейнде ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев арнайы келді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, қазір өңірде бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде.
- Бүгін олимпиадалық деңгейдегі бассейнде алғашқы жарыстар өтуде. Енді жас жүзушілер республикалық, тіпті халықаралық турнирлерге де қатысатын болады. Осындай қысқа уақыт ішінде көп нәрсені үйренген балаларды атап өткім келеді, олардың арасында жақын арада бізді қуантатын мықты спортшылар бар, – деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Турнирге барлығы 200-ге жуық жас спортшылар қатысты. Жарыс үш түрлі жас санатында 7-9, 10-12 және 13-15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында өткізілді.
Сайыс соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сайысқа белсене қатысқан жеңімпаздың бірі 50 метр қашықтықты бағындырған Дария Тоқтархан. Айтуынша, мұндай жарыстар спортшыны шыңдайды, шымыр болуға үйретеді. - Әрине, жеңіске жету оңай болған жоқ, өйткені қарсыластар әлсіз емес. Бірақ менің күнделікті жаттығуларым нәтиже берді. Маған жаңа бассейн ұнайды, мұнда жүзушілер үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті ол.
Дәл осы жас санатында 2 орын – Жұмабек Әмина, 3 орын – Ғали Әмина иеленді
10-12 жас аралығындағы қыздар:1 орын – Елемес Саида, 2 орын – Берікбол Еркежан, 3 орын – Чернышева Алина
Ал, жүзушілер арасында 13-15 жас аралығында: 1 орын – Айнабекова Аяжан, 2 орын – Сламғазы Аруна, 3 орын – Коноводова Анастасия
7-9 жастағы жасөспірімдер арасында: 1 орын – Амантай Жәңгірхан, 2 орын – Кенжебек Ерасыл, 3 орын – Калашников Матвей
10-12 жас аралығындағы жасөспірімдер: 1 орын – Поддубный Богдан, 2 орын – Қуанышұлы Димаш, 3 орын – Гуляев Дмитрийге бұйырды.
13-15 жас аралығындағы жүзушілер арасында:1 орын – Тұрғанов Шыңғыс, 2 орын – Амантайұлы Ерсін, 3 орын – Маметаев Тимур
Жасөспірімдер арасында:1 орын – Амантайұлы Ерсін, 2 орын – Ханбеков Тайыр, 3 орын – Маметаев Тимур.