2022 жылғы 1 қаңтарға дейін үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын азайту көзделген, бұл туралы «Jetysu Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте белгілі болды .
Осы тақырыпта мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және дамыту бөлімінің басшысы Динара Төстікбаева баяндама жасады.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетіні белгілі. Бұған жеке тұлғалардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және т.б. ақшалай есеп айырысулары жатпайды.
Бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде салық органы фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
Бүгінгі күні жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын және есебін жүргізуді жеңілдету үшін жүйе қолданылады
Жүйе бақылау-касса машинасын, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені және сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған немесе интеграцияланған жүйенің (ERP жүйе) барлық үш құрамдасын — үш құрамдасты интеграцияланған жүйені алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешенді қамтиды.
Осы жүйені қолданудың артықшылығы жартыжылдық үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану үшін 70 048 АЕК мөлшерінде кірісті ұлғайту және ҚҚС бойынша шекті 114 184 АЕК мөлшерінде ұлғайту болып табылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға табыс салығын 60000 теңгеге азайтуға, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% — ынан аспайтын жеңілдік қолданылады. Яғни, егер бір жыл ішінде жеке табыс салығының сомасы 140000 теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 60000 теңгеге азайтуға құқылы. Егер бір жыл ішінде жеке табыс салығының сомасы 100000 мың теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 50000 теңгеге азайтуға құқылы.
«Алайда, бұл ұлғаю үш компонентті интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.»,- деп қорытындылады Динара Төстікбаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *