20 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 48 745 жағдай тіркелген, оның ішінде 35 312 симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2280,6 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан 0,5% — ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 0,6%, Еңбекшіқазақ — 0,6%, Кербұлақ — 0,6%, Райымбек — 0,8%, Сарқан — 0,9% аудандарында және Талдықорған қаласында — 0,6% байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 166 жағдайы тіркелді.
Айта кетейік, аймақта әлі күнге коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Бүгінгі күні, екпенің бірінші бөлігін 731 837 адам, екінші компонентін 619 905 тұрғын қабылдады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *