Алматы облыстық перинаталдық орталығы заманауи реанимациялық жабдыққа ие болды. «AYALA» қайырымдылық қоры орталыққа фетальді мониторлар, фототерапия шамдары, ашық реанимациялық жүйелер жалпы саны 16 медициналық техникалық табыстады.
Биыл қажет құрал-жабықтарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 2,3 миллиард теңге қаражат бөлінген. Алайда, «AYALA» қорының көмегі дәрігерлер үшін әжептәуір көмек болмақ. Себебі, бұл орталық жыл сайын 10 мың босануды қабылдайды. Сондықтан, ауыр халде туылған және түрлі патологиялары бар нәрестелерді емдеуге арналған жабдықтар бұл мекемеге аса қажет.
«Біздің басты міндетіміз – әрбір отбасының дені сау балалы болуына көмектесу. Сондықтан біз емдеу жұмыстарын орталықтың қабырғасындағы барлық босанудың аман-есен өтуіне және барлық балалардың дені сау тууына бағыттаймыз. Біз реанимация бөліміне құрал-жабдықтар сатып алуға көмектескен AYALA қорына және барлық қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз. Заманауи медициналық технологиялар біздің мамандарға жаңа туған нәрестелерге сапалы көмек көрсетуге, сондай-ақ перинаталдық шығындар мен бала кезден бастап мүгедектік қаупін азайтуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы облыстық перинаталдық орталығының директоры.
Талдықорғандағы перинаталдық орталықта 150 төсек бар. Оның оны жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерге арналған. Бұнда денсаулығы сыр берген екіқабат әйелдер мен өмірге келген сәбилердің өмірін бақылауда ұстап, күтіп-бағатын 34 дәрігер мен 126 медицина вқызметкері жұмыс істейді.
«AYALA» қоры осы жылдың қаңтар-сәуір айларында демеушілерден 40 млн теңгеге жуық қаражат жинады. Бұл қаражатқа заманауи реанимация жабдықтарын сатып алып, 2 медициналық орталыққа тапсырды.
Біз Қазақстанның ірі перинаталдық орталықтарын балаларды құтқару және күтіп-бағу үшін заманауи реанимациялық жабдықтармен жабдықтаймыз. Ол 5, тіпті 10 жыл бойы жұмыс істейді. Демек, оның арқасында және неонатолог дәрігерлердің кәсіби білімі мен қамқор қолдарының арқасында пандемия, карантин және басқа да шектеулерге қарамастан мыңдаған баланың өмірі құтқарылатын болады. Біз бұл игі іске жүздеген мың қазақстандықтың қатысып отырғанына өте қуаныштымыз, бұл үшін сіздерге үлкен рахмет және әр күндеріңізге жақсылық пен амандық тілеймі», – деп атап өтті «AYALA» қорының вице-президенті Наталья Еськова.
Жыл соңына дейін тағы 4 орталыққа көмек көрсетпек. Қор 10 жылдан аса уақытта 67 медициналық мекемеге көмек көрсетті. Сондай-ақ, жүздеген неонатолог пен медбикенің білімін жетілдіріп, арнайы курстан өтуіне себепкер болды.