Қазақстанға танымал, белгілі опера әншісі-Азамат Жылтыркөзов. Жетісудың бас шаһарында дүние есігін ашқан.
Ол-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Тұңғыш Президентi- Елбасы қоры сыйлығының иегері, Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Осындай бел-белесті бағындырып отырған тұлға туған қаласын облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуымен құттықтап, дархан мекендегі ғазиз жүректерге өз тілегін жеткізді.
« Қадірменді, жерлестер! Сіздерді, Талдықорған қаласының облыс орталығы болғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Қала тұрғындарына, зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Қаламыз, жайқалып-жайнап гүлдене берсін»- деді өз сөзінде.