Алматы облысында бүгінгі күнге дейін коронавирустың 41222 жағдайы зертханалық расталған. Оның 28795-і симптомды болып табылады. Қазіргі кезде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші -1928,6.құрайды.
Соңғы тәулікте 376 адамнан вирус анықталды. Ауру ең көп таралған аймақ қатарында, Ескелді, Қаратал, Панфилов, Ұйғыр, Талғар, Көксу аудандары мен Текелі және Талдықорған қалалары бар.
КВИ анықталған 376 жағдайдың 295 -і симптомдық болса, 81-де ауру белгілері байқалмаған.
Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,1% көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің бірінші бөлігін өңірдегі 653 349 мың адам алса, екінші компонентін 523 781 тұрғын қабылдап үлгерді.
Екпе алушылардың көшін ұстаздар қауымы бастап тұр. Облыс бойынша 39 289 мұғалім вакцина салдырған. Екінші орында Медицина мамандары келе жатыр. 23 656 ақхалаттылар ерікті түрде екпе алғандар санатында. Ал, мемлекеттік қызметкерлерге келер болсақ, індетке қарсы вакцина алғандарының саны 12 253 адамды құрап отыр.
Ескертеміз! Вакцина-коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *