Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Әлібек Әскербекұлы Есік қаласының «Бәйтерек» ықшам ауданында жүргізіліп жатқан су құбыры жұмыстарымен танысты.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тапсырысы бойынша «Есік су» ММ-сі Бәйтерек ықшам ауданына жеке су құбырын тарту жұмыстарын бастады. Аталмыш жұмысты «Строй Гарант» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде, аяқталу мерзімі осы жылдың аяғына жоспарланған.
Жұмыс барысында аудан басшысы Есік қаласындағы көпқабатты үйлердегі монтаж жұмыстарымен танысты. Шілде айының басында Есік қаласындағы көп қабатты үйлер жылуға құбыр тарту жұмыстарын бастады. Яғни, БМК (блок-модульдік қазандықтар) салынғаннан кейін мердігер көп қабатты үйлердің кіреберісіне жылу магистралін жүргізеді, осы құрылыс жұмыстары аяқталғанда жалпы жылуға қосылады.
Орталық жүйе орнатылмаған жағдайда көпқабатты үйлердегі пәтер иелері газға өз бетінше қосыла алмайды. Бүгінгі таңда жалпы меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру үшін Есік қаласында 16 (МИБ), Шелек ауылында 7 меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) құрылды. Аталмыш жұмыстар бүгінгі таңда аудан басшысының тікелей бақылауында.