Алматы облысы бойынша 2017 жылдан бастап, өңірдің кадр қажеттілігіне байланысты әкім гранты тағайындалады. 2017 жылы – 100, 2018 жылы – 106, 2019 жылы – 250, 2020 жылы – 260 және 2021 жылы – 250 білім беру гранттары бөлінген.
2021 жылы облыстың еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жергілікті бюджет есебінен 250 білім беру гранттары бөлінді, олардың 150-і көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына беріледі.
Конкурсқа өтініштер 5-18 тамыз аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) шектік балы бар ҰБТ сертификаты (6 мамыр 1 шілде аралығында өткен);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2021 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға, ал медициналық мамандықтарға 70 баллға ұлғайтылды.
Білім беру гранттары ҰБТ сертификатындағы балдары бойынша тағайындалады. Талапкерлерге білім беру грантын иеленгені туралы куәлік беріледі.
«Оқуға түскен әрбір студентпен үшжақты келісім-шарт жасалады. Оның негізінде студент оқуын аяқтап, диплом алуға, аяқтамай тастап кеткен жағдайда оған жұмсалған қаражатты бюджетке қайтаруға міндеттеледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтағаннан кейін алған мамандық бойынша облыс аумағында кем дегенде 3 жыл қызмет атқаруы тиіс»,-Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова.