2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің басқа түрлерін міндетті таңбалау енгізілуде. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің «таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» 10.09.2020 жылғы №568 қаулысына сәйкес қабылданған.
Өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері үшін тауарларды таңбалау 2021 жылғы 1 қазанға дейін бөлшек саудада өткізу кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып енгізілді.
Таңбалаудың мақсаты-таңбаланған тауарларды сатудан түсетін салық түсімдерін әкімшілендіру және ұлғайту.
Тауарларды таңбалау-бұл жалған акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымын қысқарту жолымен адал өндірушілер (импорттаушылар) мен сатушылардың кірісін арттыруға мүмкіндік беретін тауарлар қозғалысын қадағалау тетігі.
Қазіргі уақытта таңбалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком»АҚ болып табылады. 2021 жылғы 1 қазанға дейін таңбалау кодын көрсетпей темекі өнімдерін сату мүмкіндігі беріледі. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап-барлық таңбаланбаған темекі өнімдерінің айналымы тоқтатылады.

«Таңбалау бұл өнім туралы арнайы шифрланған белгі, онда өндіруші туралы толық ақпарат, сериялық нөмір және бұзудан қорғау коды бар. Ол DataMatrix кодын пайдалануға негізделген. Бұл халықты жалған өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді және темекі өнімдері айналымы нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді»,-дейді Талдықорған қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Елдос Тұлымшақов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *