– Егемен елдің ертеңін құрайтын жасампаз жастар мәселесі қай кезде де басты назарда. Оған саясат сахнасында сабақтастықты сақтап, ел тізгінін ұстаған қос көшбасшының жастарға басым бағыт беріп айтқан сөздері дәлел. «Қазақстан – талантты жастар елі. Ертең бұл талантты ұл-қыздар еліміздің намысын қорғайтын болады. Біз олардың әлеуетін арттырып, қабілеттерін дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Құрметті жас достар! Сіздерді 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңыздың еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, рухтарыңызбен сенімдеріңізге шексіз сергектік тілеймін! Жыл сайын жастар өңіріміздің өмірінде маңызды рөл атқарады. Біздің жастарды белсенді азаматтық ұстаным, өмірге деген жоғары қызығушылық, жақсы білім алу қажеттілігі, Тәуелсіздік пен дербестік, өздері үшін нақты мақсаттарды анықтай білу және оларға қол жеткізуге ұмтылу ерекшелендіреді.