• Latest

СЕГІЗ ҒАСЫРҒА КУӘ АҒАШ, АЙНАЛМАЛЫ МЕЙРАМХАНА, ТҮНДЕ ӨЗГЕРЕТІН СТАДИОН: ТАШКЕНТ САПАРЫНАН ТҮЙГЕНДЕР

2 жылдар ago
Биыл Алматы облысында 4 спорт мекемесі ашылды

Биыл Алматы облысында 4 спорт мекемесі ашылды

3 күн ago
Былтыр Алматы облысында 1022 әйел жатыр мойны ісігімен дәрігерлік есепке тұрды

Былтыр Алматы облысында 1022 әйел жатыр мойны ісігімен дәрігерлік есепке тұрды

6 күн ago

Скринингтік тексерулерден өтудің маңызы

6 күн ago
Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

1 апта ago
Алматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді

1 апта ago
Жуаның бағасын тұрақтандыру үшін екіжақты келісімге қол қойылды

Жуаның бағасын тұрақтандыру үшін екіжақты келісімге қол қойылды

1 апта ago
Алматы облысындағы саяжайлардың жарық желісі «Алатау Жарық» компаниясына өтуі мүмкін

Алматы облысындағы саяжайлардың жарық желісі «Алатау Жарық» компаниясына өтуі мүмкін

1 апта ago
Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі?

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі?

3 апталар ago
«Крещение Господне» діни мейрамы Алматы облысы бойынша 10 жерде өткізіледі

«Крещение Господне» діни мейрамы Алматы облысы бойынша 10 жерде өткізіледі

3 апталар ago
Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтінішті электронды түрде жолдауға болады

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтінішті электронды түрде жолдауға болады

3 апталар ago
Алматы облысында тұмаумен күресу үшін ресейлік вакцина сатып алынды

Алматы облысында тұмаумен күресу үшін ресейлік вакцина сатып алынды

3 апталар ago
Алматы облысында сумен жабдықтау бойынша 51 жоба іске асырылуы мүмкін

Алматы облысында сумен жабдықтау бойынша 51 жоба іске асырылуы мүмкін

3 апталар ago
Бейсенбі, Ақпан 9, 2023
Zhetysu Media
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология
Zhetysu Media
Home Без рубрики

СЕГІЗ ҒАСЫРҒА КУӘ АҒАШ, АЙНАЛМАЛЫ МЕЙРАМХАНА, ТҮНДЕ ӨЗГЕРЕТІН СТАДИОН: ТАШКЕНТ САПАРЫНАН ТҮЙГЕНДЕР

Jetisy Media by Jetisy Media
21.02.2022
in Без рубрики
37 0
72
SHARES
205
VIEWS
Share on FacebookWhatsApp

Екі мың жылдық тарихы бар Ташкентке жолыңыз түссе, қандай туристік орындарды аралар едіңіз? Сан ғасырлық тарих пен жаңа мәдениет тоғысқан мекенде орта ғасырдың құнды ескерткіштері мен небір құнды жәдігерге толы мұражайларды көруіңізге болады. Шеберлердің  әлемдік қолөнер қоржынына қосқан үлесін бағалап, сан ғасырда сызат түспеген орта ғасыр ғимараттарын тамашалау бір топ қазақ журналистеріне де бұйырды. «Түркітілдес журналистер қорының» ұйымдастырумен әр облыстан жиналған журналистер Өзбекстанда апта бойы тегін сапарлатып, тарихи өлкенің туризмімен танысып қайтты. Сонымен, Ташкенттегі негізгі 10 туристік нысанға жеке-жеке тоқталып көрейік.

1. Ташкент метрополитені

Ташкент метросының бірінші желісі 1977 жылы ашылған. Қазір метрода жалпы ұзындығы 36 км болатын үш желі және 29 станция бар. Метроны безендіруге ең жақсы суретшілер мен дизайнерлер шақыртылған. Станциялардың дені өзбек халқының ұлттық нақышында безендірілген. Метро таңғы алтыдан кешкі он бірге дейін ашық. Күн сайын 60 мыңнан 100  мыңға дейін жолаушы келеді. Бүгінде метро жылдам көлік құралы ғана емес, соныен қатар, шаһардың басты көрікті жерлерінің бірі.

2. Әлішер Навои ұлттық саябағы

Ташкенттегі ең үлкен ұлттық саябағына өзбек ақыны – Әлішер Навоидың есімі берілген. Аумағы 65 га. Әсем саябақта күн сайын отбасылар, зейнеткерлер, балалар, туристер демалады. Бұнда әдемі гүлзарлар, субұрқақтар, орындықтар, сондай-ақ, мәдени және рухани орталық Әбілқасым медресесі мен неке сарайы орналасқан. Ұлттық саябақта бүлдіршіндерге арналған алаңдар өте көп.

3. Тәуелсіздік алаңы

Өзбекстан астанасының жүрегінде Тәуелсіздік алаңы орналасқан (түпнұсқа атауы Мустакиллик Майдони). Әдетте мұнда мерекелер мен фестивальдар өтеді. Саябақтағы биік субұрқақтар алаңға ерекше көрік беріп тұр. Бұнда ескерткіштер мен туристік нысандар бар. Олардың ең бастысы жер шары түрінде жасалған Тәуеліздік пен гуманизм монументі. Онда Өзбекстанның шекарасы белгіленген. Ал, қолында баласы бар әйелдің мүсіні Отанды, халықты қорғайтын ананы бейнелейді.

4. «Ерлік» монументі

Ескерткішті 1970 жылы мүсінші Дмитрий Рябичев 1966 жылғы жер сілкінісін еске алу мақсатында мүсіндеген. Бұл табиғи апат қала тарихында терең із қалдырды, өйткені қатты дүмпудің салдарынан Ташкент тұрғындарының жартысына жуығы баспанасыз қалды. Сонымен қатар, көптеген ғимараттар қирады. «Ерлік» монументі тыныштық пен тұрақтылықты бейнелейді.

5.  «Бунедкор» стадионы

Бунедкор стадионы – Өзбекстандағы ең үлкен футбол стадионы. Ол Ташкент қаласының Чиланзар ауданында орналасқан. Оның жанында «Мирзо Ұлықбек» метро станциясы бар. Ғимаратқа қарама-қарсы сіз Гафур Гулям атындағы үлкен балалар саябағын таба аласыз. Сонымен қатар, 200 метр қашықтықта Чиланзар сауда орталығы орналасқан. Стадион жаңа бағытта салынған. Яғни, нысан кешке және түнде түсін ауыстырып тұрады. Бұл технология «шығыс жалыны» деп аталады. «Бунедкор» стадионында алғашқы футбол кездеуі 2013 жылы өткен. Стадионға 32 мың көрермен сияды. 

6. «Бродвей» аллеясы

Қаланың дәл орталығында, «Бродвей» лақап атына ие көркем көше орналасқан. Мұнда сіз достарыңызбен және отбасыңызбен серуендеп, керемет уақыт өткізе аласыз. Бродвей көшесінің бойында жанды дауыста ән айтатын әншілерді, музыканттарды, жеке портретіңізді салатын суретшілерді жолықтыруға болады. Көше маңында сауда орталықтары мен дүкендер, мейрамханалар мен кафелер, кинотеатр орналасқан.

7. Ташкент телемұнарасы

Ташкенттегі теледидар мұнарасының биіктігі – 375 метр. Сәулетшілер оның сейсмикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық техникалық талаптарды ұстанып, сапалы тұрғызған. Мұнара 8 баллға дейінгі жер сілкіністеріне төтеп бере алады.  Телемұнараны салудағы басты мақсат хабар тарату. Бұнда күн сайын жүзден астам адам жұмыс жасайды. Туристер жоғары жылдамдықты лифтпен 94 м биіктіктегі бақылау алаңына көтеріліп, сол жерден Ташкенттің панорамасын тамашалай алады. Телемұнараның ерекшелігі – ұлттық тағамдар ұсынылатын «көк зал» және 104 м биіктіктегі айналмалы мейрамханасы бар.

8. Төле би мазары

Төле би кесенесі шаһардағы көрікті жерлердің бірі боп саналады. Сондықтан бұнда Орталық Азиядан, оның ішінде Қазақстаннан және басқа да шет елдерден келетін туристердің қарасы көп. Төле би ұстазы Шейх Хаунд Тауердің жанында жерленген. Шейх Хаунд құлпытасының жанында алып сарв ағашы тұр. Ағаш 8 ғасыр бойы қурамай, тамыры жайылып тұр. Ал, Төле би мазарының құлпытасының бір жағына Пайғамбардың хадисі, екінші бір бетіне Құранның «Дұха» сүресі жазылған. Және де құлпытаста «Тәңір қазаққа елдікті де, ерлікті де, даналықты да берген» деген жазба бар.

9. Кіші мешіт

Ақ мәрмәрден жасалған Минор мешіті «ақ» деген лақап атқа ие болған. Ашық ауа-райында, ол тіпті   жарқырап көрінеді екен. Мешітке бір уақытта 2400 адам сияды. 2014 жылы салынған ең жас сәулет ғимараты бүгінде Ташкенттегі ең әдемі нысандардың біріне айналған. Мешітте Құран сөздері, өзбек оюлары, бейнеленген.

10. «Чорсу» базары

Үлкен көк күмбездің астында Ташкенттің қонақтары Шығыс базарларының көрінісін тамашалай алады. Чорсу базары қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Бұнда тауар түрлері өте көп. Базар туристер мен қала тұрғындарын піскен көкөністермен, кептірілген жемістермен, былғарыдан жасалған заттармен, зергерлік бұйымдармен қуанта алады. Көптеген сатушылар жеуге жарамды тауарларды көруге мүмкіндік береді және  құны бойынша сауда жасауға болады. Чорсуда сувенирлер мен сыйлықтар сатып алуға, сондай-ақ, ұлттық  тағамдардан ауыз тиюге болады.

Жалпы, Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы арқылы Ұлы Жібек Жолы, Азия мен Жерорта теңізі арасындағы негізгі магистраль өтті. Сол ежелгі дәуірден бері қала әртүрлі мәдениеттердің, конфессиялардың және өнер түрлерінің іздерін бүгінге дейін сақтап келеді. Мешіттер, католиктік және православие шіркеулері, саябақтар мен бақтар, шығыс базарлары  сынды айтылмаған көрікті жерлер бар. Сондықтан, Ташкентке жол түсіп жатса, жоғарыда айтылған туристік нысандарды аралуды ұмытпаңыз.

Айман Асыл

Фотоға түсірген: Талғат Мұратбаев

 

 

 

Share29Share

Главные события

No Content Available
  • @qonaevtimes мотивэйшн
  • Красивое видео от @plotnikov.kz многие мечтали здесь жить 😜
  • Конаев 💚💚💚

@mirkhattolkunov
  • Интересные мероприятия на следующую неделю
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды @askhattakebayev
  • Барлык Тореханов назначен руководителем ДКРЕМ по Алматинской области
В Департамент Комитета по регулированию естественных монополий МНЭ РК по Алматинской области назначен руководитель, им стал Барлык Адепканович Тореханов.
Б.А. Тореханов окончил Академию при Президенте Республики Казахстан Национальной школы государственной политики, является членом Ассоциации юристов, окончил университет Дюк ( штат Северная Каролина, США) государственной политики и менеджмента.
Трудовую деятельность начал с должности заместителя директора ТОО «Ақнұр» в 2000 году.
С 2003 года по 2004 год занимал должности юриста, главного инженера АО «Асыл Түлік», с 2004 по 2005 годы – начальник юридического отдела ТОО «СтройГруппМонополист», с 2005 по 2007 годы начальник отдела платных юридических услуг РГКП «Центр по недвижимости» по городу Астана, с 2007 по 2012 годы начальник управления юстиции Турксибского района, c 2012 по 2018 заместитель руководителя Департамента юстиции Алматинской области, 2018-2021 годы директор Департамента проектного

 управления КФ «Samruk – Kazyna Trust», 2021- 2022 годы занимал должность заместителя акима Талгарского района Алматинской области.
До настоящего времени Барлык Адепканович Тореханов занимал должность заместителя руководителя ДКРЕМ по Жамбылской области.
Барлық Төреханов Алматы облысының ТМРКД-ның басшысы болып тағайындал
  • ❗️Официальная информация: Три авиационных судна привлечено в тушении лесного пожара

Работа по тушению лесного пожара в Аулиекольском районе Костанайской области продолжается.

В тушении пожара задействованы:

▪️силы и средства в количестве 235 человек личного состава,
▪️32 единиц техники;
▪️3 воздушных судна;
▪️3 пожарных поезда (из них МЧС - 14 ед. техники); ▪️61 человек личного состава;
▪️2 вертолета с водосливными устройствами;
▪️МВД - 33 чел. личного состава;
▪️Минобороны - 20 чел. личного состава;
▪️Лесхоз - 15 ед. техники,
80 чел. личного состава, 1 воздушное судно;
▪️МИО -3 ед. техники, 20 чел. личного состава;
▪️АО «КТЖ» - 3 пожарных поезда (21 чел.).

По состоянию на 18:00 часов 2 вертолетами с водосливными устройствами МЧС проведено 12 сбросов и слито 36 тонн воды.
Забор воды для водосливных устройств ведется  из естественного водоема на расстоянии 25 км.
По  данным  РГП «Казгидромет» в Костанайской области сохранится высокая температура до 38 градусов, скорость ветра до 23 м/с.

Министром по чрезвычайным ситуациям Ильиным Ю.В. проведена воздушная разведка.
3 сентября в связи с осложнением метеорологической обстановки, в том числе высокой температурой воздуха 36 градусов, штормовыми порывами ветра до 28 м/с,  площадь пожара превысила 3000 га.

Проведена перегруппировка сил и средств, которые сосредотачиваются на защите населенных пунктов Аманкарагай  и Новонежинка. Проведена эвакуация населения из с.Озерное (население 250 человека) и северной части с.Аманкарагай (1000 человек). В с. Озерное происходит горение 3-х жилых домов, тушение осуществляется 6 пожарными автомобилями, с подвозом воды 8 водовозами.
Начата эвакуация с. Калинино - 228 человек, с. Лесное -363 человека. В 17 часов 20 минут создалась угроза нефтебазы с. Аманкарагай, на месте работают 3  пожарных автоцистерны (2-МЧС, 1-объектовая служба нефтебазы).

Напомним, для ознакомления с работой Оперштаба Глава государства намерен посетить Костанайскую область.

@almatyapat
  • Нашли ребёнка ❤️

Қонаев Қаласының Әкімдігі должны знать своего героя в лицо. 

Добро все таки есть. На вечерней прогулке по городу Конаев мне задали странный и пугающий вопрос : «Вы не потеряли ребёнка?». Вытащив наушники я увидела молодого парня по имени Тима (на фото), чуть дальше него возле двухлетнего мальчика стояла семейная пара со своим ребёнком. Мне понравилось как они заботливо отнеслись к Елбосику. Девушка сразу же позвонила в полицию. 

Мы начали спрашивать потерявшегося мальчика как его зовут, где живет, фотографировать. Он конечно еще малыш не смог нам сказать, хотя держался молодцом, не плакал, не истерил. А в это время Тима обошёл все дворы. 

Но, мама Елбосика (потерявшего мальчика) нашла нас сама. Этот трогательный момент не забуду никогда , видно было что мама чуть с ума не сошла. Да, сейчас некоторые скажут : “дұрыстап қарамай ма?”. 

Но, дети есть дети. Они же гиперактивны, Елбосик оказывается за своим дядей вышел. Пока все поняли , что потерялся, он встретил нас. В этот момент начинаешь думать о плохих людях тоже. 

Увидев радостные лица мамы, татешки, семьи и Тимы, вспоминаешь, что добро все таки есть. Надеюсь 🤞 что добрых людей будет намного больше . 

Не многие как Тима обратили бы внимание на маленького мальчика, который сам по себе пробегал улицу, в обе стороны. Сейчас все в гаджетах , наушниках и в своих запутанных мыслях особо не обращают внимание на окружающих. Будьте добрее и мир станет лучше.
  • По согласованию с Администрацией Президента РК,  решением маслихата Карасайского района.  Естенов Жасулан Токкожаевич назначен акимом Карасайского района. Соответствующее распоряжение подписал аким Алматинской области Марат Султангазиев. 
Жасулан Токкожаевич родился в 1971 году, образование высшее. Окончил в 1994 году  Казахский сельхозяйственный инситут ордена Трудового Красного Знамени по специальности «экономика и управление в отраслях агропромышленного комплекса».  
Трудовую деятельность начал  в 1994 году бухгалтером ИП «Мадияр».
В разные годы занимал должности бухгалтера Жамбылской типографий, налогового инспектора, руководителя отдела налогового комитета по Медеускому, Алмалинскому районам,  начальника Алмалинского районного финансового отдела, заместителя акима Ауэзовского района, города Кокшетау, государственного инспектора Администрации Президента РК, акима Алмалинского района, советника директора ТОО «Ер-Ай инвест». 
С февраля 2021 года занимает должность руководителя управления финансов Алматинской области.

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

No Result
View All Result
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist