Қаратал ауданы бойынша Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтеріне әкім сайланады. Әр округте 3 кандидат бар, оның 5-еуі ер адам, 1-еуі әйел азаматша. Олардың 4-еуі өзін-өзі ұсынған болса, 2-еуі «Nur Otan» партиясының өкілдері болып табылады.

Бастөбе ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ ауылындағы нөмірі 551 сайлау учаскесінде 418 сайлаушы тіркелген. Оның 100-і дауыс беріп үлгерген.

» Бүгінгі сайлау науқанында тұрғындардың белсенділігін атап өткен жөн. Барлығы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін негізге ала отырып, өз үміткеріне дауыс беруде. Біз тұрған учаскедегі сайлау, әділ, ашық, айқын негізде өтуде. Сайлау барысында ешқандай заңға қайшы әрекеттер анықталған жоқ»,- дейді «Nur Otan» партиясының атынан келген бақылаушы Рауза Досмағұлова.

Негізінен ауданда, 8 сайлау комиссиялары, 48 комиссия мүшелері жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, Жылыбұлақ ауылындағы нөмірі 551 сайлау учаскесінде тіркелген 10 сайлаушы үйден дауыс берген.

Естеріңізге саламыз, Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылдық округінде 3486, Жолбарыс батыр ауылдық округінде 1649 сайлаушы саяси науқанда белсенділік танытатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *