Сайлауға үш округтен жастары 25 пен 50 жас аралығындағы 9 кандидат қатысты.
Сынға түсіп жатқан барлық кандидаттар осы күнге дейін ауыл-аймақты аралап, жалпы округті дамытуға арналған бағдарламалырын тұрғындарға таныстырған.
Бүгінгі сайлауға ең алғашқылардың бірі болып, жасы 70 – ті алқымдаған Гүлсия Сембекқызы келсе, артынша 18 жастағы Перизат Төлеген да тысқары қалмай өз дауысын берді.
«Мен ең алғашқы рет сайлауға қатысуым. Әрине, мен үшін бұл сайлау орны ерекше. Неге десеңіз? Біз дауыс беріп, жеңіске жеткен жаңа ауыл әкімі ел сенімін ақтап, ауылымызды одан әрі дамытып, халқының қамын жейтін басшы болса онда, менің сайлауда жасаған дұрыс таңдауым деп білемін. Бүгінігі сайлау мен үшін тарихи күн», – деді Перизат Төлеген.
Соның ішінде Аманбөктер ауылдық округінде 265 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар, ауылдық округ әкіміне 3 кандидат бар. Бірі – Шырынгүл Нұрханова.
Шырынгүл Батайқызы 20 жыл мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп келеді.
«Мен осы ауылдың мәселесін жақсы білемін. 20 жылдай ауыл әкімдігінде жұмыс істеп келемін. Егер әкім ретінде тағайындалатын болсам, ең алдымен интернет, жол мәселесін қолға алып, туризм саласына мән бермекпін. Ауылдың әлеуетін көтеруге өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын», – деді Шырынгүл Батайқызы.
Айта кетейік, бүгінгі өткен сайлауға 3 округ, 6 елді-мекеннен 3 мыңға жуық сайлаушылар өз дауыстарын берген.