Заманауи комму­никация құралдарының билік пен халық арасындағы берік байланыс құралына айнағалы қашан?!

Әлеуметтік желіде 100% тіркелген Жетісу әкімдері ендігі, өз белсенділіктерін одан әрі арттырып жаңа байланыс платформасын жан-жақты жаңғыртуда. Жүйелі тікелей эфирлер, сапалы жарияланымдар, сұрақ-жауап айдары, бейнероликтер мұның бәрі әкімдік және әкімдер парақшаларында.

«Jetisý media» ақпараттық орталығың ағымдағы жылдың маусым айының талдауы бойынша, белсенді 5 аймақ басшысы мен әкімдік анықталып отыр.

Рейтинг  бір айлық Instagram, Facebook, ВКонтакте желілеріндегі жарияланым, оқырман, лүпіл, пікір саны саналып 10-дық баллға бөлі арқылы шығарылады.

Жетісудың маржаны —   Алакөл  көлі осы мерзімде әр қазақтың аузында болғандай. Бұл жайт Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдиновтың оң жаңбасына келгені анық. Ол барлық талдау нәтижесінде 124 баллмен 1-ші орынға шыққан.

Instagram желіндегі оқырман саны 33 553-ке жеткен Талғар әкімдігі әр қашан рейтинг басында. Осы жолы 91,3 ұпаймен 2-ші орынға шығып отыр.

«Еңбекшіқазақ ауданында жылына 3,3 млн тонна кен өндірілетін болады» атты жаңалықтарымен барлық БАҚ ресурсын шулатқан Еңбекшіқазақ ауданы 82 ұпаймен 3-ші орында.

Сарқан ауданы әкімдігімен әкімінің желідегі бір тізбекті, тиянақты жұмысының нәтижесі 78,4 баллмен 4 ші орынға тұрақтады. «Су электр станциясынның құрылысы», «бір күнде жасалған 6 күрделі ота және», «XIII жазғы спартакиада ойындарында Сарқан ауданы баскетболдан екі дүркін облыс чемпионы» атануы мамыр айының басты тақырыптары болған.

Естеріңізде болса, Текелі қаласының әкімдігі  2019 жылы  «Әлеуметтік желідегі онлайн қызметтің үздігі» атанған болатын.   Ал биыл Қаратал ауданы әкімдігінен бір баллдық айырмашылықпен, яғни 71,2 ұпаймен 5 орынға  әрең жайғасты.

«Jetisý media» ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *