Мұсылман жұртшылығындағы екі ұлық мерекенің бірі — Құрбан айт мерекесі де таяп қалды. Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрамда, барша мұсылман қауым құрбан шалып, жаратқанға құлшылық жасайды.

Шариғат бойынша, кімнің 40 қойы, 30 ешкі, 5 түйесі болып, жағдайы болса сол адамға құрбан шалуға болады.  Материалдық мүмкіншілігі болмаса, құрбан шалу міндетті емес.

Биылғы жылы құрбан айт меркесі 20 шілдеге тұспа-тұс келіп отыр.

Құрбан шалу рәсімі онлайн және оффлайн форматта жүргізіледі. Бүгінгі күні «QURBAN2021.kz» сайтында құрбандық шалуға тапсырыс бере алады. Ал, 17 шілде күні, мұқтаж жандар етке өтініш қалдыра алады. Бұдан бөлек, әркім өз үйінің ауласында ниет етіп, құрбан шала алады»,-деп атап өтті Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Оразбай.

Айта кетеу керек,  «QURBAN2021.kz» сайтының жұмыс жасауы үшін әр облыстан 66 маман бекітіліп отыр.

Имам Ардақ Оразбайдың айтуынша, биылғы жылы құрбан шалу кезінде ысырапшылдыққа жол берілмейді. Өткен жылдары малдың ішек-қарындары мен бастары қоқыс жәшігіне тасталып жатса, 2021 жылғы құрбан айтта малдың әр мүшесі, ішкі құрылыстары  мұқтаждарға таратылып берілетін болады.

Естеріңізге саламыз, құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малы құрбандыққа шалынады.  Қой мен ешкі малы бір жастан астам болуы керек.  Ешкі міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

Сонымен қатар, құрбандыққа бір немесе екі көзі соқыр мал, құрбан шалу орнына өз бетінше жетуіне шамасы жетпейтін ақсақ мал жарамайтынын атап өткен жөн.

Айта кетейік, өткен жылы 1 түйе, 55 ірі-қара, 529 қой, 60 тоқты, 22 ешкі Талдықорған өңірі бойынша құрбандыққа шалынып, 23 200 кг ет 5531 отбасына еттері таратылды.

Қазіргі таңда құрбандыққа шалынатын төқрт түліктің нарықтағы бағасы бекітілген. Ресми мәлімет, қой 65 мың,  ешкі 40 мың, сиыр 370 мың, түйенің пұлы 800 мың теңгенің көлемін көрсетіп тұр.

 Естеріңізде болса, өткен жылы Алла үйінің есігі тарс жабылып, жамағат болып айт намазы оқылмаған еді. Биыл, пандемиялық жағдай жақсарып, мешіттің ауласында таңғы сағат 6:30-да құрбан айт намазы оқылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *